Газге уланбас үшін не істеу керек?

15 қазаннан бастап жылыту маусымы басталысымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі №10 ӨСБ және Сағыз ӨСБ-нің азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізді.

Адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында аудандағы тұрғын үй секторларын аралап, өрт және газ қауіпсіздігін қадағалау бойынша және газ қондырғысы мен пешпен жылыту қондырғыларын дұрыс пайдалану керектігі айтылды. Сонымен қатар, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануды болдырмау олардың қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.

Биылғы жылдың басында аудан бойынша көмір қышқыл газына уланып екі адам қайғылы қазаға ұшырағаны белгілі. Сондықтан, тұрмыстағы газ отынын сақтықпен пайдалану керектігін әрдайым есте сақтауымыз қажет. Табиғи газды тұрмыста және өндірісте пайдаланған кезде апаттар мен бақытсыз жағдайларды болдырмау үшін қосылып тұрған газ аспаптарын қараусыз немесе кіші жастағы балаларға қалдыруға, газ плитасын бөлмелерді жылыту үшін пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, газ аспаптарын өздігімен жөндеуге, қолдан жасалған жылыту қазандықтарын пайдалануға және газ қазандықтарында түтін тарту мұржаларының болмаған жағдайында газ жылыту қазандықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Есіңізде болсын, Сіздің тұрғын үйіңіз, мүлкіңіз, Сізге жақын адамдардың өмірі, Сіздің өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға деген көзқарасыңыз бен ниетіңізге байланысты.

Ақнұржан АҚЖІГІТОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау майоры.

 

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031