Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр

Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы биылғы жылдың басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 16,8 миллиард теңге төледі.

7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 16,8 миллиард теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 74 пайызы, – деді Медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 22,8 миллиард теңге. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті, – деді Б.Ғазизов.

Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 59 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 25-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 4 ұйымға артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 16 пайызға өсіп, 1,2 миллиард теңгені құрады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521