banerkzbig

Газ пайдалансаң, жауапкершілікпен қара!

Тұрмыс тіршілігінде бақытсыз жағдайлар көбінесе газ құралдарын пайдаланып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан болатыны ақиқат.

Осы тұста, газды дұрыс пайдаланбағанның кесірінен бақытсыздыққа душар болған фактілерді де жиі кездестірудеміз. Айталық, биыл жыл басынан бері облыс аумағында газға улану себебінен 3 адам көз жұмып, 21 адам (оның ішінде 11 бала) газға уланған. Бұдан тұрғындар арасында өздерінің және жақындарының қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытуы басым екендігін байқауға болады. Сондықтан, газ құрылғыларын пайдаланатын барша тұрғын газ құрылғыларының қалыпты жұмысын тиянақты түрде қадағалап, газды пайдаланғаннан кейін газ тетіктерін жабу, газге жалғанған пеш пен мұржаларының жарылмауын, оларды таза ұстап , балалардың газбен ойнауына жол бермеу керектігін есте ұстаған жөн. Демек, газды бөлмені жылыту үшін жағып қоюға, тиісті ұйымдармен келіспестен өз бетімен пәтерге газ құбырын тартуға, орнын ауыстыруға және газ құрылғыларын бұзуға, олар орналасқан бөлмелерді басқаша өзгертуге қатаң түрде тыйым салынады. Газ құрылғыларын жинақтаумен, іске қосумен осы жұмысты атқаруға лицензия берілген мамандандырылған ұйымдар ғана айналысады. Құрылғыларды өз бетімен орнатып, пайдалануға мүлде болмайды. Сіріңкені тұтатып алмай тұрып плитаның түтікшелерін ашуға болмайды. Себебі, газ тараса, ол жарылыс тудырады. Газ жанып тұрғанда оның үстіне су төгілмеуі керек. Аз уақытқа болса да, газ жанып тұрғанда оны қараусыз қалдыру дұрыс емес. Газдың иісі шығып тұрса, сіріңке тұтатпаған жөн. Газ құрылғысын жөндеу тиіс болса, газ кәсіпорнының маманын шақыру қажет. Газдың иісі шықса, оны пайдалануды доғарып, түтікшелерді жауып, бөлмені желдету, өзге бөлмелерге тарауына жол бермеу ләзім. Телефон арқылы 104 нөміріне хабарлаған дұрыс. Мұндай кезде электр жабдықтарын іске қосып, от жағуға болмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 11.04.2014 жылғы «Азаматтық қорғау» Заңы мен 09.01.2012 жылғы №532 «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, ауданның елді мекендерінде тұрғындардың тұрмыста газ пайдалану ережелерін сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен газ қызметкерлері бірлескен түрде ауданға қарасты барлық округтерді аралап, тұрғын үйлерге түсінік жұмыстарын жүргізуде. Қысқасы, үйлер мен пәтерлерде газ құрылғыларын пайдалану қауіпсіздігіне өз үй иелері жауапкершілікпен қараған абзал.

Марат КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig