Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Газ мамандары сақадай сай

Өткен аптаның бейсенбісі күні таңертеңгілік сағат 10.00-де «Қазтрансгазаймақ» мекемесі Атырау облыстық филилалының Қызылқоға аудандық өндірістік бөлімшесінің кезекші бөліміне Е.Нұршаев ықшам ауданында газ қысымының төмендеп кеткені туралы тұрғындардан шағым түсті.

Жедел іске кіріскен газ мамандары оқиға орнын анықтап, полиция, өрт сөндіру, жедел жәрдем, электрмен қамту, «Қазақтелеком» торабына хабарлап барлық бөлімдер он минутта оқиға орынынан табылды. Бұл «Қазтрансгазаймақ» мекемесінің жұмыс жоспарына сай өткізілген оқу-жаттығу жиыны болатын. Оған облыстан арнайы комиссия келіп, жиынды бақылап тұрды.

Оқиға Е.Нұршаев ықшам ауданында салынғалы жатқан құрылыс аймағында орын алды. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршап, газ мамандары жұмысқа кірісті. Алдымен апаттық жағдайда тұрғындарды газсыз қалдырмау мақсатында қосалқы газ құбыры арқылы мамандардың қадағалауымен ауыл халқына төмен қысымдағы газ берілді. Содан соң Атырау магистральды газ құбырлары басқармасы аудандық газ шаруашылығының аға шебері Ертай Жұмабаевқа шебер Самғат Хасан ақаудың анықталғаны жөнінде мәлімдеме берді. Газ мамандарының жедел іс-әрекеті нәтижесінде жөндеу жұмыстары аяқталып, ақау шыққан газ қысымын реттегіштің мембранасын ауыстыру арқылы №72 газ жәшігі жөнделді. Оқу жаттығу жиынын қорытындылаған комиссия төрағасы Атырау облыстық газ тарату шаруашылығының бастығы Бауыржан Жұмашов:

– Бұл жиын газ мамандарының төтенше жағдайға дайын екендігін көрсетті. Ішкі істер, өрт сөндіру сияқты қауіпсіздікке жауапты бөлімдер де тез арада жиналып, барлық жағдайға дайын тұрды. Мұның бәрі төтенше жағдайды алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жігіттер өз жұмысына жауапты екенін көрсете білді. Жиынға жоғары баға беремін – деді.

Дулат БЕРІК.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521