Екі адам суға кетті ал, оған кім кінәлі?

Адамзатқа ең қажетті тіршілік көзі болғанымен, тілсіз жаудың бірі – су.

Өйткені, жыл сайын жаз мезгілінде адамдар суға шомылу сәтінде ажал тырнағына ілігіп жатады. Шілде айының алғашқы онкүндігінде Миялы ауылында екі адам суға батып кетіп, оқыс оқиға орын алды.

Нақтырақ айтқанда, 1 шілде күні А.С. есімді азамат қой тоғыту кезінде «Шархат» иініне, 10 шілде күні А.І. есімді ауыл тұрғыны Ойыл өзені бойындағы көпір маңында суға кетті. Екеуі де шомылуға тыйым салынған жерде ажал құшқан. Осыған орай қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында тұрғындар арасында насихат жұмысы басталды.

Негізінен Ойыл өзені бойына заңды түрде жұмыс жасайтын жағажай, яғни, суға түсетін жер белгіленбеген. Өткен жылдары Миялы ауылдық округі әкімі аппараты халықтың шомылып жүрген жерлеріне «Бұл аймаққа шомылуға тыйым салынады» деген белгілер орнатқан еді. Алайда, тұрғындар бұл белгілерге қарамастан әлі күнге дейін өздеріне суға түсуге қолайлы жерлерде шомылуда. Орнатылған жеті белгінің төртеуі жұлынып, үшеуі қалған. Оны аудандық ішкі істер, төтенше жағдайлар және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген рейд барысында анықталды. Бұл тұрғыда, өткен аптаның сәрсенбісі күні Ойыл өзені бойын құзырлы орган өкілдерімен аралағанда суға шомылып жүргендерге түсінік жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, ата-аналарының рұқсатынсыз келген балаларға қатаң ескертіліп, алдағы уақытта айыппұл салынатыны түсіндірілді.

Жоғарыда айтылған екі оқиға ауыл тұрғындарын ойландырып, ажалдың аяқ астында екенін естен шығармауы тиіс. Әсіресе, жеткіншектерді қараусыз жіберуге болмайды. Ендеше, судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екенін білгеніміз жөн.

Өз тілшіміз.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031