Депутаттар белсенділігі артуы тиіс

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының 2017 жылы атқарған жұмысы тыңдалды. Аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өткен көшпелі мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сайын Қуанышев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Абдолов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Баженов, аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, аудандық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттары, партиялық бақылау комиссиясы мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатынасты.

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев төрағалық еткен жиында облыстық партия филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Данагүл Жайлаубаева «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған бес әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттер туралы баяндама жасады. Баяндамашы Мемлекет басшысы ұсынған бастамалардың әрқайсысына жеке тоқталып өтті. – Мемлекет басшысы ұсынған бес әлеуметтік бастама – бұл қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғырландырылатын платформасы. Сондықтан, бұл бастамалардың айрықша маңызды екенін ескере отырып, оларды тиімді жүзеге асыру жолдары кеңінен талқылауды қажет етеді. Ол үшін халық пен бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Бұл бағытта ұйымдастырылатын шаралардың тиянақты орындалуына, оларды бақылауға алуға «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне тапсырылды. Ендеше, барлық партияластарымызды осы бастамаларды халық арасында нақты әрі тиянақты түсіндіруге және осы қызметке белсене араласуға шақырамын, – деді Данагүл Жайлаубаева.

Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнановтың есепті баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, өткен жылы «Нұр Отан» партиясы қатарына 201 адам қабылданып, бүгінгі таңда аудандағы 11 бастауыш партия ұйымында 2568 мүше есепте тұр. Есепті мерзім ішінде филиал бойынша кезектен тыс бір конференция, бір Саяси Кеңес отырысы және бес рет Саяси кеңес Бюросының отырысы өткізілді. Аудандық филиал және бастауыш партия ұйымдары арқылы партиялық жеті жоба аясында жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарақияқты» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Құрал Сәрсенбаевты тұрақты қамқорлыққа алса, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы арқылы 722 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 91 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына тартылса, 181 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылды. Есепті мерзім ішінде төрт рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. «Кедергісіз келешек» жобасымен аудан орталығынан сауықтыру орталығы өз алдына бөлек мекеме ретінде ашылып, Әділет басқармасына тіркелсе, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында үш рет «Әділет кеңес береді» және үш рет «Жолда қабылдау» республикалық акциялары өткізілді. Өткен жылы жеке және заңды тұлғадан 319 өтініш түсіп, оның 67-і оң шешілсе, 252 өтініш бойынша нақты түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, көшпелі мәжілісте «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің жетекшісі Нұрбол Бижанов, «Сәтті қадам» партиялық жобасы атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының Мұратбек Тұрдағалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Толқын Бейсқалидың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тыңдалды. Жасалған баяндамалар мен хабарламалар бойынша сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Мәжілісте сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Баженов:

– Бүгінгі мәжілісте аудандық партия филиалының есепті мерзім ішінде жасалған жұмыстармен бірге кемшін тұстары да назардан тыс қалмады. Олқылықтардың орнын толтыру бағытында құнды пікірлер мен ұсыныстар да айтылды. Алдағы уақытта соларды басшылыққа алып, жұмысымызды жалғастырамыз. Ауданда белсенді жастарымыз бар. Оларды қоғамдық саяси жұмыстарға тарту бойынша жоспарлар жасақтап қойдық. Депутаттардың белсенділігін арттыру айтылып келе жатқан мәселе. Олар сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Қоғамдық қабылдауларды тек қана аудан орталығында өткізбей ауылдық округтерде өткізу туралы ұсынысым бар, – деді.

Көшпелі мәжілісті облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев қорытындылап, аудандық партия филиалы жанындағы Саяси кеңес мүшелері мен депутаттарға бастауыш партия ұйымдарына тұрғындар мен еңбек ұжымдары арасында Елбасы жариялаған бес әлеуметтік бастаманы түсіндіру шараларын жүргізуді, партияның сайланбалы органдарына кандидат ұсынуға аудандық партиялық кадрлық резерв қалыптастыруды, аудандық партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының арасындағы байланысты күшейтуді тапсырды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031