banerkzbig

«Денсаулық» алауы ауданымызда

Астана қаласының 20 жылдығы және «Саламатты өмір салты жылы» кешенді өңірлік іс-шарасын іске асыру мақсатында облыс бойынша өтіп жатқан «Денсаулық» алауы эстафетасы сейсенбі күні Қызылқоға ауданына келді.

 

Махамбет ауданында бастау алып, Құрманғазы, Индер ауданында тұтанған алауды бүгін Индер ауданының делегациясы қасиетті Қызылқоға өңіріне жеткізді. Индерліктерді ауыл шетінен аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали бастаған топ ақ ұсынып, қазақы дәстүрмен күтіп алды. Содан кейін Индер аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, спорт ардагері Алтыбай Ермұхан, медицина саласының ардагері Төлеп Қанапин және спорт шебері Ақбөбек Ерғалиева бастаған индерліктер Т.Қарабаллин көшесі арқылы «Денсаулық» алауын «Тәуелсіздік» паркіне дейін алып келіп, аудан әкімі Арман Баженовке табыстады.

Өз кезегінде аудан жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтаған аудан басшысы алауды тұтату мәртебесін дзюдо және қазақ күресінен спорт шебері, белгілі палуан Сұңғат Закарияевке берді. Алау тұтанғаннан кейін денсаулық саласының ардагері Дәмеш Есқуатова құттықтау сөз сөйлеп, эстафета жұмысына сәттілік тіледі. Алау жағылып, ресми шаралар аяқталған соң акцияға қатысушылар спорттық жаттығу жасап, бой сергітіп алды. Содан соң, кезек концертке беріліп, онда Жұмагелді Әділ, Азамат Хабылов, Бисұлтан Мұхтаров, Раушангүл Стомма, Зәуре Жұмағалиевалар әуезді ән шырқаса, Миялы балалар өнер мектебі мен «Жасұлан» балалар бақшасының шәкірттері топтық би билеп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, акция барысында Миялы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері спорттық жаттығуларды орындаса, аудандық орталық аурухананың қызметкерлері жұртшылықтың қан қысымын тексеріп, бой мен салмағын өлшеп, медициналық кеңестер беріп отырды. «Денсаулық» алауы эстафетасы 7 маусым күні Қызылқоға ауданынан шығып Жылыой ауданына жол тартатын болады.

Дулат МӘТЖАН.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig