Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жайнай бер, жаңа Қазақстан!»

Дүйсенбі күні 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздер күніне орай осындай атаумен мерекелік жиын болып өтті.

«Арман» мәдениет үйінің фоесінде өткен мерекелік жиынға аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері және округ әкімдері қатысты. Жиын барысында алдымен салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы әкелініп, Әнұран шырқалды. Содан кейін аудан әкімі Арман Баженов құттықтау сөз сөйлеп: – Елдік пен егемендіктің басты нышаны саналатын мемлекеттік Рәміздер біз үшін басты құндылық болып табылады. Себебі, бұл Рәміздерде сан ғасырлар бойы азаттықты аңсаған бабалардың асыл арманы жатыр. Еліміз Тәуелсіздік алған сонау 1991 жылдың 16 желтоқсаны күллі қазақ үшін ең қуанышты күн болса, мемлекеттік Рәміздер қабылданған 1992 жылдың 4 маусымы шаттанатын, мақтанатын күн болып тарихта қалды.

Содан бері Ту мен Елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері болса, Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы болып келеді. Ендеше Туымыз мен Елтаңбамыз тұғырлы, Әнұранымыз ғұмырлы болсын, – деген тілегін жеткізді. Мерекелік құттықтаудан соң аудан әкімі Ы.Шөреков атындағы орта мектептің директоры Өтеуғали Дүйсәліні, «Жасұлан» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Каримованы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықовты, аудандық әділет басқармасының басшысы Мұратбек Тұрдағалиевті және Жамбыл ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықовты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевтің Алғыс хатымен марапаттады. Бұдан кейін Ы.Шөреков атындағы орта мектептің директоры Өтеуғали Дүйсәлі мен аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жеңісбек Қонысов мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік нышандардың маңызы туралы айтып берді. Мерекелік жиын соңы «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521