Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БЕС ЖҮЗ ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Өткен аптаның сенбісі күні аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Миялы-Индер» тас жолы бағытында «Күзгі тал егу» акциясымен бес жүз ағаш көшеті отырғызылды.

Туған өлкені көркейту-көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Жасыл ел» еңбек жасағы мен белсенді жастар қатысты.

– Акцияға жастар белсенді түрде қатысты. Бүгін үш жүз елу қара ағаш, жүз елу үйеңкі көшеттері отырғызылды. Егілген талдар болашақта туған жер шырайын арттырып, жайқалып тұрса игі деген тілекпен келген жастардың құлшынысы көңілге серпіліс берді. Тал егу бір жағынан сауапты іс. Мұндай акцияларға әрбір тұрғын ат салысып, ауылдың көркеюіне ықпал ету керек деп ойлаймын, - дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қуанышбек Кәрім.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521