Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жақында аудан әкімдігінде 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай мерекелік қабылдау болып өтті.

chs2-1

Жеке құрам мен сала ардагерлері қатысқан жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:

– Адам өмірінде төтенше жағдайлар күнделікті болып жататындықтан оның алдын ала білу қиын. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келген жанның қолынан келе бермейді. Оған білім, біліктілік пен тәжірибе керек. Сондықтан, сала ардагерлері мен барша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін, - деп жүргізуші Тәжіғұл Табылғанұлы, өрт сөндіруші Мырзабек Болған, бөлімше командирлері Наурызбек Оңайұлы мен Жеңіс Егізбаев (№12 Сағыз өрт сөндіру бекеті), жүргізуші Самғат Талапов (аудандық №10 өрт сөндіру бөлімі), жүргізуші Азамат Көгеновтерді («Казсушар» РМК-ның Атырау филиалының Қызылқоға өндірістік учаскесі) аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

chs3

Ал, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің іс жүргізушісі Алтын Досжанова мен аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің радио-байланысшысы Гүлмира Хайрошева аудандық мәслихаттың алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, жиында сөз сөйлеген сала ардагерлері Марат Сәрсенғалиев, Асылбек Төлепов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Марат Күзембаевтар әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521