Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨПІР САЛДЫ

Таяуда келген тасқын су Миялы-Жангелдин бағытындағы басты көпірге де өз зиянын тигізіп, іске жарамсыз қылып тастағаны баршаға аян. Содан бері ол көпірмен көлік түгілі адам өте алмайды.

Тиісті азық-түлік пен керекті құрал-жабдықтар қайық арқылы қатынауда. Алайда, қайықтың ұзақ жүре алмай, кей жерлерге қайраңдап тұрып қалатыны көңілге кірбің ұялатып жүр еді. Бұл мәселеге баса назар аударған жангелдиндіктер басты көпірді тым болмаса жаяу адам жүретіндей қылып қалпына келтіру мәселесін қолға алды.

Бұл ретте, аталмыш ауыл тұрғыны Ғаділбек Бержанов жаяу көпірдің сызбасын сызып дайындаса, жергілікті құрылысшылар Әсет Мұратов пен Райымбек Хасанов ауыл жігіттерімен бірлесіп, ағаштан жаяу көпір жасап, 6 сәуір күні кешкілік орнатты.

Көпір құрылысына қажетті құрал-жабдықтарды халық өз қалталарынан бірлесе тұрып ақша жинап алса, жетпеген жерін көрші Ойыл ауылдық округінің тұрғындары толықтырған. Сөйтіп ұзындығы 9 метр болатын жаяу көпір уақытша қатынас үшін пайдалануға берілді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521