«Қарулы жиһад – қоғамға қауіп»

Енді бірер аптадан кейін күллі мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айымен қайта қауышады. Мейірім мен жақсылыққа толы бұл айда мұсылмандардың ауызбіршілігі, ынтымағы өте қажет-ақ.

Әсіресе, жат ағымның жетегінде кетіп, шет елдің уағыз-насихатына алданған жастар дәстүрлі дінге бет бұрып жатса нұр үстіне нұр болары анық. Соған сай, өткен жұма күні «Бәйтерек» мешітінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен мешіт әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қарулы жиһад – қоғамға қауіп» тақырыбында уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді. Онда мешіттің наиб-имамы Шалқар Дәулетханұлы:

– Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбе қаласында Рамазан айына бір күн қалғанда жат ағымдағы содырлар қолдарына қару алып, сойқан салғаны белгілі. Қасиетті айда асыл дінге күйе жағып, ел халқына үрей туғызған бұлардың іс-әрекеті еш ақтауға келмейді. Білімсіздікпен елге бүлік салғандар алды атыс кезінде қайтыс болса, тірі қалғандары темір торға қамалды. Яғни, барлығы да жазаларын алды.

Енді мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан да алда келе жатқан Рамазан айында баршамыз ауызбірлікте, жақсы мәміледе болайық. Осы ауданда да имамға бағынғысы келмей, жамағат арасына іріткі салып жүрген жат ағымдағылар бар. Соларға айтарым – қасиетті айда сауапты істер жасап, елге исламның көркем дін екенін насихаттайық, – деді. Сондай-ақ, жұма намазында такфир ағымын ұстанатындардың сипаты, жат ағымнан сақтану, қарулы жиһадтың қоғамға қауіптілігі туралы мағыналы да, мәнді уағыздар айтылды. Артынша жиналған жамағат жұма намазын оқып, ақсақалдар ел-жұрттың тыныштығын тілеп, бата беріп тарқасты.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031