Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін су тасқынының алдын алу бағытында Миялы ауылдық округінің ұйымдастыруымен топырақ толтырылған 1100 дана қапшық ауыл айналасындағы бөгеттердің әлсіз тұстарын нығайту мақсатында төселіп, қосымша 1100 дана қапшыққа топырақ толтырылады.

Сондай-ақ, бөгеттерді көтеру үшін 350 тонна топырақ төгіліп, нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан 350-ге жуық адам, арнайы 10 техника жұмылдырылды.

Атап айтқанда, "Телемұнара" ауылы тұрғындары 700 қапшықты құммен толтырса, "ПМК" ауылының белсенділері 200 қапты топырақпен толтырып, дайындады. "АЙС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бір эксковатор мен бір тиегіш (погрузчик) бес "Камаз" көлігі, "Тазалық" және "Шерәлі" жеке кәсіпкерлігінен бір-бірден тиегіш қатысты.

Бауыржан САҚТАСЫН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521