Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айбыны асқақ мереке

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Жастар» паркіндегі «Мемлекттік Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты шара орталық көше бойымен жүріп өткен жиырма автокөліктің шеруімен басталды.

r

Ортаға Ту мен Елтаңбамыз ерекше салтанатпен әкелініп, Әнұранымыз шырқылды. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков шараға жиналғандарды рәміздер күнімен құттықтап, халықтың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізген осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білуге шақырды. Жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, патриоттық әндер шырқалып, дүйім жұртты жігерлендіріп, бір серпілтіп тастады.

r

Сондай-ақ, мың бұралған бишілердің өнері көрерменді тамсандырды. Ал, «Жасұлан», «Нұр-Шуақ» балабақшасының бүлдіршіндері көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды жатқа айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521