Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жастар берген ауызашар

Ауызашар беру – сауапты іс.

Миялы ауылының 2001-2002 жылы туған жастары 2 маусым күні «Бәйтерек» мешітінде ауызашар берді. Сауапты іске ұмтылған жастардың ауызашар дастарқанында мешіттің бас имамы Мұрат Сұлтанов ауыл тұрғындарына бірлік, ынтымақ, жақсылық жасау жайында уағыздарын айтып, қонақтардың дін тақырыбындағы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, дастарқан басына жиылған жамағаттың танымдық сауалдарға белсене жауап берген жамағатқа ақшалай сыйлықтар мен кітаптар сыйға тартты. Ауызашар асына жиналған жамағат шараны ұйымдастырған жастарға алғыстарын білдіріп, батасын берді.

Еңлік ЛАТИ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 журналистика мамандығының І курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521