banerkzbig

Олар әркез құрметке лайық

Кеңес əскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толу мерекесі қарсаңында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов Ауған соғысының ардагерлерін қабылдап, олардың ерлік жолында жеткен жетістіктеріне тоқталып, ізгі тілегін білдірді.

 – «Ауған соғысы» деген атпен тарихта қалған, талай боздақтардың өмірін қиып, аналардың жанарын суалтқан қанды қырғын біткенімен, оның зардабы әлі күнге ел есінде. Ауған қасіреті, ауған ардагерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жыл сайын ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жастағы өрімдей жас жігіттер жазықсыздан – жазықсыз құрбан болды. Ауған соғысының қанды қырғынынан абыроймен туған елге оралғандар – бүгінде ардагер ағаларымыз қажырлы еңбек етіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде. Кеңес кезінде от кешіп, омырауларын оққа төсеген Ұлы Отан, Ауған соғысы ардагерлеріне қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Сіздер сол жылдары ел үшін шайқасқа қатыссаңыздар, бүгінде әр салада еңбек етіп, Тәуелсіз еліміздің экономикалық қуаты мен әлеуетін арттырып, рухани- мәдени байлығын еселеуге үлес қосып жүрсіздер, -деген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов аудан басшысы Арман Баженовтың атынан ауған соғысының он бес қатысушысы мен олардың жесірлеріне Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Ардагерлер өз кезегінде өздеріне көңіл бөліп, құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді. Қабылдау соңында ардагерлер өздерінің көкейтесті сауалдары мен ұсыныс-тілектерін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig