Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САЛТАНАТ "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" АТАНДЫ

Спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл спортының деңгейін көтеру мақсатында Миялы спорт кешенінде волейболдан әйелдер арасындағы аудандық лиганың II-кезеңінің ойындары өткізілді.

v

m

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа алты команда қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Аталмыш додада бақтарын сынаған командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін байқатты. Жарыс қорытындысында Миялының арулары бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші, үшінші орындарды Жангелдин және шалғайдағы Тайсойған округінен келген волейболшы қыздар командасы иеленді. Жангелдиндік Салтанат Өтегенқызы «Үздік ойыншы» атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521