Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Рашит шәкірттерімен мақтанады

Атырау қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен волейболдан өткен Ұлттық мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңінде Қаракөл орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Рашит Көшкінбаев жетекшілік ететін волейбол қыздар командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Осы орайда, Рашит ағайдың осы спорт түрін дамытуда сіңірген еңбегінің зор екенін айтқым келеді. Атап айтсақ, 2016 жылы «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған волейболдан аудан-дық турнирде оқушылары ІІ орынды, 2016-2017 жылдары жасөспірімдер (қыздар) арасында волейболдан өткен дәстүрлі аудандық біріншілікте екі жыл қатарынан аудан кубо-гын жеңіп алды. Сол жылы аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жас Отан кубогы» үшін волейболдан қыздар арасында өткен жарыста ІІ орынды, 2018 жылы өткен мектеп оқушыларының аудандық спартакиадасында волейболдан қыздар командасы І орынды иеленіп, мектеп және колледж оқушыларының облыстық спартакиадасында топ жарды. Оқушысы Сүйін Алтынай облыс құрама сапында Қызылорда қаласында өткен республикалық оқушылар спартакиадасына қатысты. А.Қойшыбай, Д.Қайырбек, А.Қамалғали, Г.Қыдырбай, А.Жасұланқызы сынды ауданның үздік волейболшыларын шығарды. Ұстаз жолын қуған шәкірттері Ақеркем Қойшыбай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының I курс студенті болса, Ақгүл Жасұланқызы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі дене тәрбиесі бөлімінің І курсында білім алуда. Қысқасы, Рашиттің шәкірттері аудан абыройын асқақтатып жүр.

Нұрқанат ХАМЗА,

Қаракөл орта мектебінің дене тәрбиесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521