Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бақтарың жансын, барыстар!

«Қазақстан Барысы» жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқан төл спортымыздың әдемі көрінісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық турнирге еліміздің 15 облысы мен ең ірі 3 қаласынан іріктеуден өткен үздік делінген 36 палуан қатысады. Қазақ күресінен өтетін додамыздың жеңімпазына алтын белбеу мен «тай тұяқ» беріледі. Ал екінші, үшінші орын алған балуандарымызға күміс және қола белбеу табыс етіледі. Турнирге облыстық іріктеу жарыстарының екі жеңімпазы қатысады. «Қазақстан барысы – 2019» жобасы 8 маусым сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Тоғызыншы рет сарапқа салынатын «Қазақстан Барысы» турниріне Атырау облысынан Руслан Ізғалиев және Бекболат Салықов қатысады.

Миялы ауылдық округінен шығатын жерлесіміз Руслан Ізғалиев қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының және Евразия ойындарының күміс жүлдегері, ересектер арасында Қазақстан Республикасы Кубогінің қола жүлдегері атанса, мұқырлық Бекболат Салықов қазақ күресінен ардагерлер арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы. Айтулы додаға палуандарды жерлесіміз, білікті бапкер Айбек Серғазиев бастап барады. Осы орайда, айта кетейік негізі бұл турнирге «Атырау барысы» атанған Сұңғат Закарияев қатысуы тиіс болатын. Алайда, Сұңғат дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы спартакиадасына қатысатындықтан, өзінің жолын Русланға Ізғалиевке беріп отыр. Ендеше, байрақты бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Бақтыгүл ЕРКІН,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің журналистика мамандығының І курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521