060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Атыраулық велошабандоздар белсенділік танытты

24 тамыз күні Атырауда алғаш рет велокростан ашық біріншілік өтті,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай төртке бөлінді. Яғни, ер балалар және қыздар, жасөспірімдер, сондай-ақ, ересектер арасында өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияровтың айтуынша, велокросс жарыстарын алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп тұру қолға алынады.

- Жыл басынан бері облыстық велоспорт федерациясымен бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Велоспорт түрінен Нұр-Сұлтан қаласынан өңірімізге маман келіп, жұмысын жүргізіп жатыр. Федерация және жергілікті бюджеттен велоспортқа керекті құрал-жабдықтар алынды. Атырауда тек қана велокростан емес, басқа да велоспорт түрлерінен жарыстар өткізіп тұрамыз,-дейді Нұрбек Ахмедияров.

Жарыстың қорытындысы бойынша, 2005-2007 жылғы ер балалар арасында Трофим Турыжников есімді жасөспірім жеңіске жетті. Ал, 2001-2007 жылғы қыздар арасында Екатерина Ломовцева бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, 2001-2004 жылғылар арасында Никита Безручко бірінші мәреге жетсе, 2002 жылғы және одан жоғарғы ересектер арасында Артем Дыгин чемпион атанды. Сайыстағы ең жас қатысушы 2014 жылғы Байтас Аманжол болса, ең ересек қатысушы 1989 жылғы Самат Залипов болды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?