Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Фронт-офис ашылды

Облыстағы аудандық соттары арасынан бірінші болып біздің ауданымызда сот келушілерге ақпараттық қызмет көрсететін фронт-офисін ашты.

Ашылу салтанатына аудандық соттың төрағасы Айтжан Досмағамбетова, полиция бөлімі, прокуратура, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен кәсіби емес медиаторлар және сот қызметкерлері қатысты. Сот төрағасы А.Досмағамбетованың айтуынша, сотқа келушілер үшін жасалған осы қолайлы жағдай, бүгінгі күннің талаптарына сай келетінін және сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Офис барлық заманауи стандарттарға сәйкестендіріліп, арнайы техникамен, күту аймағы, ыңғайлы орындықтармен, желдеткіш жүйелерімен жабдықталған және халықтың игілігіне қызмет ететін болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521