060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Жас Ұлан» жаңа мүшелермен толықты

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімді оята білу.

Уақыт өте келе ұйым қатарына қабылдануға қызығушылық танытқан оқушылардың қатары күннен-күнге көбеюде. Жаңа мүшелерді ұйым қатарына қабылдау жиыны Кенбай орта мектебінде де ұйымдастырылып, ұйым қатары тағы да 54 оқушымен толықты. Жаңадан қабылданғандарға ата-аналар кеңесінің мүшесі Халықберген Омаров, ардагер ұстаз Бұлжетпес Құлбасова және мектеп әкімшілігінің құрамы галстук пен төсбелгі табыс етіп, «Жас жеткіншектер елінің нағыз патриот азаматы болсын!», – деп тілек білдірді.

Әсел ҚАПЕТОВА,

Кенбай орта мектебінің тәлімгері,

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?