060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жан жадыратар «Жауқазын»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», – дегендей мектеп оқушылары оқу жылы аяқталысымен жазғы лагерьлерге баруға асығады.

Жаз мезгіліндегі балалардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Осы орайда, Жаңашаруа орта мектебінің жанынан ашылған «Жауқазын» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасайды. Онда қазір 60 бала демалыс уақыттарын көңілді өткізуде. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Қазіргі екінші ауысымда демалыс лагерінде барлығы 60 бала алаңсыз демалыстарын өткізуде. Демалушылардың денсаулықтарын мектеп медбикесі күнделікті тексеріп, сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмай, арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға үш мезгіл тамақ беріледі. Балдырғандар бір мезгіл сурет салып, тақпақ жаттап, ән салса, тәрбиешілер, жаттықтырушылар, музыка жетекшісі, тәлімгерлер мен психологтар демалушылар арасында түрлі ойындар ойнатып, дойбы, шахмат жа-рыстарын, тақырып бойынша тапқырлық, мақал-мәтел сайыстарын ұйымдастыруда. Әсіресе, оқушылар «Көңілді старт», «Жауқазын аруы», «Оригами», «Жауқазын дарабозы», «Биле, биле» сайыстарына қызығушылықпен қатысады. Осылайша, тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызықты, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.

Ақмоншақ Сағынова,

Жаңашаруа орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?