060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жаңашаруа педагогикалық оқудың жеңімпазы

Сәрсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Туған жер, туған ел. Туған глобал: ұлттық білім беру жүйесінің бағдарлары» тақырыбында өткен аудандық педагогикалық оқудың жабылу салтанаты өтті.

Онда сөз алған аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Гүлфайруз Әнжанова: – Бүгінгі педагогикалық оқуға аудандағы білім беру ұйымдарынан барлығы 106 баяндама түсіп, сараптама комиссиясының қорытындысымен 99 баяндама аудандық кезеңге қатысты. Педагогикалық оқу аудан орталығында он бес секция бойынша алты жерде өтті.

Бүгінгі сайыстан аудан педагогтарының өз баяндамаларын барынша ізденіспен жазғанын байқауға болады. Алайда, кеткен кемшіліктер де аз емес. Ең бастысы педагогикалық оқудың жыл сайын дәрежесі өсіп келе жатқанын байқадық, – деді.

Содан кейін, жүзден жүйрік шыққандар ұстаздар мен командалық есепте орын алған ұжымдар марапатталды. Сайыс қорытындысында жалпы командалық есепте Жаңашаруа орта мектебі топ жарса, екінші орынды Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп, үшінші орынды Кенбай орта мектебі жеңіп алды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?