060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Тарихшылар топ жарды

Таяуда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында дәстүрлі «Тарих тұңғиығында» атты тарихшылардың облыстық пәндік олимпиадасы өтті.

Білім бәйгесіне Атырау қаласындағы колледж студенттері мен қала мектептерінен, аудан мектептерінен командалар қатысып, бақ сынады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Х.Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына байланысты және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған пәндік олимпиада да, тарихшылар «Алаш ардақтылары» тақырыбында эссе жазып, Қазақстан және дүниежүзі тарихы бойынша тестілеу сұрақтарына жауап берді. Соңғы бөлімде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлке тарихына байланысты ғылыми жоба қорғады.

Аталмыш, білім додасында Қаракөл орта мектебінің 10-сынып оқушылары Айтаңсық Елтай мен Аяулым Ғұмарова, 11-сынып оқушылары Ақниет Қамалғали мен Дана Қайырбек аудан намысын қорғады. Нәтижесінде, өз білімдерін үздік көрсете білген оқушылар І орынды иеленіп, «Білгір тарихшы» номинациясын жеңіп алды. Оқушылардың осындай жетістікке жетуіне тарих пәнінің мұғалімі Гүлжанат Жамашқызының еңбегі зор.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?