060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Суретші бүлдіршіндер топ жарды

Жақында «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық балабақшалар арасындағы онлайн сурет байқауынан «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеленушілері топ жарды.

«Менің отбасым» атты тақырып аясында сурет салған «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндері Мәулен Әзидолла II дәрежелі дипломды иеленсе, Айару Амангелді І орынға ие болды. Ал, «Күншуақ» тобындағы Нұрәділ Есенбек пен Толғанай Серікбайқызы I орынды жеңіп алды.

Бүлдіршіндердің топта озық болуына себепкер болған ұстазы Айзада Серғалиеваның еңбегі еленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Нұрәділ ЕЛАМАН.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?