060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Білім додасы мәреге жетті

Өткен аптаның бейсенбі, жұма күндері республикалық ғылыми пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

Оған аудандағы жалпы білім беретін 14 орта мектептен барлығы 552 оқушы 11 пән бойынша қатысып, бақ сынады. 8-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадаға облыстық білім беру басқармасы атынан өкіл болып, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Н.Қаражігітова қатысып, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасады.

Бұл жолғы білім додасының басты ерекшелігі – қатысушылардың ең көбі қазақстан тарихы пәнінен болса, ең азы химия пәні бойынша болды. Екі кезеңнен тұрған олимпиаданың жабылу салтанаты сенбі күні «Арман» мәдениет үйінде өтті. Білім додасының қорытындысы бойынша 44 оқушы бірінші орын алып, оның ішінде 9-11 сыныптар бойынша 33 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Қалған оқушылар аудандық білім бөлімі атынан екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы командалық есепте Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп топ жарса, Б. Аманшин атындағы орта мектеп екінші орынды, Кенбай орта мектебі үшінші орынды жеңіп алды.

Дулат МӘТЖАН.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?