060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жүз жасымен құттықтады

Өткен аптаның сенбісі күні аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин бастаған аудан басшылары Миялы ауылының тұрғыны, биыл жүз жасқа толып отырған Балзиба Мәжитованың шаңырағында болып, бір ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Бала-шаға, немере-шөберелерінің ортасында бақытты күн кешіп отырған қарт анаға аудан басшысы құттықтау тілегін жолдап, мерекелік гүл табыстап, иығына зерлі комзол жапты. С

ый-құрметке ризашылығын білдірген Балзиба Зәкәрияқызы елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп аудан басшыларына ақ батасын берді. Ал, жексенбі күні жүз жасқа толып жатқан ананың ұрпақтары «Ақнұр» мейрамханасында бір ғасырлық мерейтойды тойлап, аналарына айрықша құрмет көрсетті.

Дулат МӘТЖАН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?