060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жұмадағы жақсылық

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы ауылында «Қызылқоға құтты мекенім» қайырымдылық қоры және «Бәйтерек» мешітінің жамағаты «Керуен» сауда орталығында «Қасиетті Жұма» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Онда ауылдағы барша ардагер, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көп балалы аналарға тегін нан өнімдері таратылды. Шара алдында сөз алған «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов күндердің сұлтаны саналатын жұма мүмкіндігінше қайырлы істерді де көп жасап, сауап жинайтын күн екендігін айтып, жиналғандарға акция туралы түсінік берді. Бұл шара аптаның әр жұмасында жалғасын табатындығын жеткізіп, ауыл тұрғындары мен жастарды қайырымдылыққа атсалысуға шақырды. Одан әрі жақсылық шарасы «Тегін такси» жобасымен жалғасын тапты. Шағын ғана жақсылықпен ауыл тұрғындарын қуанта білген жамағатқа барша халық ризашылық пен жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, бұл жоба Сағыз ауылдық округінде де ұйымдастырылып, «Сағыз иман жастары» еріктілер тобы ауылдағы аз қамтылған отбасыларға азық-түліктер таратып, ерекше ықыласқа бөленді. Осылайша, жұмада жақсылық жасап жарысқан жамағат ауыл тұрғындарын әр жұма сайын қуантпақ.

Нұрәділ ЕЛАМАН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?