060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жүк көліктері тексерілді

«Сағыз-Миялы» тасжолының халық игілігіне берілгеніне көп бола қоймаса да «жолдың жыры» бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр. Ал, тасжол сапасының нашарлауына жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тиеуі себеп. Бұл орайда газет бетінде «Жолдың жайы жанымызға батады» деген мақала жарық көріп, тұрғындар пікірі мен мамандар жауабын білген едік.

Ал, жақында облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары келіп, тасжол бойындағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейд жүргізді. Инспекция мамандарымен бірге «Нұр Отан» партиясы, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері облыстық маңызы бар тас жолда әрлі-берлі құрылыс материалдарын тасып жүрген жүк көліктерін тексерді.

Рейд барысында арнайы құралдар арқылы тиелген жүктің салмағы, одан бөлек көлік жүргізушісінің құжаттары тексерілді. Нәтижесінде, он екі жүк көлігінің жүргізушілері заң талаптарын бұзғандықтары анықталды. Оның ішінде, он жүк көлігінің жүргізушісі жүк тасымалдау барысында тауар-көліктік жүк құжаттарын ұсынбағандықтан, тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-1 бабының 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, 264 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, бір жүргізуші қауіпті жүк тасымалдау ережелерін бұзып, аталған кодекстің 571 бабының 5 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, арнайы рұқсат қағазынсыз көлемдік параметрлерін асырып, жүріп өткені үшін тасымалдаушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 36075 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, 8009 теңге көлемінде жүріп өткен жолы үшін алым сомасы алынды.

Осы тұста, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешовтың айтуынша, автокөлік құралдарын тексеру кезінде, олардың салмақтық параметрлерінің асырып жүк тасымалдау фактісі анықталмаған. Бірақ, заң бұзушылықтар кездескен.

– Аудан басшылығынан бізге түскен хат бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы келдік. Бірақ, тексеріс кезінде артық жүк тиеген жүк көлігі кездескен жоқ. Тексерілген жүк көліктерінің барлығы дерлік «АйсИнжСтрой»ЖШС-не тиесілі. Мердігер компания өкілдері басшылық талабына сәйкес, мөлшеріне қарай жүк таситындықтарын айтты. Яғни, талапқа сай жұмыс жасайды деген сөз. Десекте, халық пен серіктестік өкілдерінің пікірі бір арнаға тоғыспай тұр. Біздің келетінімізді білген болар тиелген жүк те, жүргізуші құжатттары талапқа сай, – дейді әлгінде айтқан Аманжол Хабдешов.

Күнделікті көріп жүрген жүк көліктерінің көрінісі бұл күні инспекция мамандарының көзіне ілінбеді. Десекте, жолдың жайы бір тексерістен түзеліп кетпесі анық жайт. Сол себепті алдағы уақытта қадағалау күшейіп, жол сапасы жақсарса деген ниет-тілек бар тұрғындарда.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?