060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғадан шыққан тұңғыш генерал

Жақында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерлесіміз, Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевқа генерал-майор шенін табыстаған болатын.

Бұл – жерлестеріміз үшін зор қуаныш, үлкен мәртебе болатын. Соған сай, өткен аптаның сенбі күні генерал-майор атағын алған жерлесіміз Аян Дүйсембаев өзінің туған жеріне ат басын бұрып, жерлестерімен кездесті. Алдымен марқұм болған әкесінің басына барып құран бағыштаған Аян Сәбитұлы түс ауа аудандық музей мен өзі оқыған мектепте болып, артынша «Арман» мәдениет үйінде аудан халқымен кездесті. Салтанатты шара соңында аудан әкімі Арман Баженов Аян Сәбитұлының иығына шапан жауып, жерлестері атынан астына ат мінгізді. Құрмет пен қошеметке ризалығын білдірген кеш иесі сол күні мешіт ауласында салынған асханада барша аудан тұрғындарын арнап ауызашар беріп, жерлестерінің ықыласына бөленді.

Толығырақ «Қызылқоға» газетінің №20 санынан оқи аласыздар

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?