060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Әр төбенің өз тарихы бар

Қашанда, әркім өзінің туып өскен, білім алған өлкесінің тарихын білу, жер-су атауларының шығу төркініне қанығу парыз.

Бұл келешек ұрпаққа сарқылмас мұра болып қалатыны анық. Ендеше, оған бүгіннен бастап кірісіп, құйма құлақ, түйсігі мол шежіреші қарттардың аузынан жазып алып, хатқа түсірмесек ертең кеш болып, сан соғып қалатынымыз жасырын емес. Міне, осыны жете түсініп, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған басым бағыттарды қолдау мақсатында Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған «Атаулар тарихы» ғылыми экспедициясы Қызылқоға ауданында болды. Ауданның барлық округін төрт күн бойы аралап шығып, көнекөз қариялар, естігені көп азаматтармен кездесіп, дәйекті тұжырым жасап, хатқа түсірген ғылыми экспедиция мүшелерін аудан әкімі Арман Баженов қабылдап, қонақтарға ауданның даму тарихы мен тәуелсіздік жылдары қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеп, ғылыми экспедиция мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі. Округтерде болған кездесуде сөз алған ғылыми экспедиция мүшесі, аталмыш басқарманың ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімінің басшысы Жеміс Дияшеваның айтуынша, аудан аумағындағы барлық физикалық-географиялық нысандар (өзен, өзек, көл, бұлақ, тау, төбе, сор, жыра, құдық, құм, бейіттер орналасқан төбелер т.б.), жер-су, жан-жануар, өсімдіктер, кен орындары, елдімекен атауларының шығу тегі, аталу себептері деректерін жинақтау, зерттеу, анықтама беру секілді жұмыстар жүргізіліп, зерттелу үстінде. Бұл ретте, барлық атаулардың басын біріктіріп, біріздендіру үшін жүйелі жұмысты ұйымдастыра білген дұрыс.

– Атаулар тарихын әңгімелеген кезде белгілі бір тарихи тұлғалар мен тарихи деректерге сүйене отырып дәлелдеу немесе естеліктер айту жинақталған құжаттардың маңызын көтереді,– дейді ғылыми экспедиция мүшесі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының төрағасы, өлкетанушы, жазушы Өтепберген Әлімгереев. Демек, ежелден ата-бабаларымыздың әрқайсысына ат қойып, айдар тағу жағынан тапқырлық көрсеткен халқымыздың өзендердің атауына көбінесе оның ағысына, тереңдегіне, түсіне байланысты қойса, елдімекен атаулары көбінесе өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктерімен немесе қоныстанушылар өмірлеріндегі фактілерге сәйкес берілген. Сондықтан, географиялық атаудың пайда болуы кездейсоқ емес, тарихи себептің болуынан екендігі анық. Округтерді аралау барысында, Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева бастаған ғылыми экспедиция мүшелері Тасшағыл ауылдық округіне қарасты Мәтенқожа ата басына тәу етсе, Сағыз ауылдық округінен 10-15 километр қашықтықтағы «Алып ана» қорымында болып, көптеген мағлұматтар жинады. Осы орайда, экспедиция мүшелерімен тығыз жұмыс атқарған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерболат Иғали: – Экспедиция жұмысы әлі де жалғаса беретін болады. Өйткені бұл бірнеше жыл бойы зерделеу, зерттеуді қажет ететін үлкен жұмыс. Осы тұрғыда, ардагер аға-апаларымыздың естелік әңгімелері қаперге алынатын болады. Бүгінгі ұрпақ еңбегі ертеңгі болашағымызға зор мирас боларына сенеміз,– дейді. Ендеше, «Жер тарихы – ел тарихы» деген бабалар нақылын естен шығармағанымыз жөн болар.

Өз тілшіміз.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?