Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жерлесіміз жүлдегер атанды

Жуырда Астанадан қуанышты хабар келді.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, запастағы полковник Кенжебек Тұманбайұлы Сейтмухаммедов «Қазақстанның геологиялық барлауы: Мұнай және газ. Екінші халықаралық форумы» аясында өткізілген «Геология жайлы кәсіби көзқарас» байқауында «Баспасөз және интернет ресурстардағы мұнай және газ геологиясы бойынша үздік журналистік жұмыс» номинациясында II орын иегері атанып, «Мұнайшы геологтардың қазақстандық қоғамы» бірлестігінің дипломы және бағалы сыйлығымен марапатталды. Қаламы «Қызылқоғада» шыңдалған Кенжебек Тұманбайұлы ұзақ жылдар ҰҚК Шекара қызметінің апталық басылымында қызмет атқарды.

Бүгіндері отставкадағы әріптесіміз «Атамекен» баспасының бизнесті дамыту бойынша бас менеджері ретінде іскерлік бағыттағы журналистика мен баспа саласын дамытуға қомақты үлес қосуда. 2011 жылдан бері «Ел ардақтылары – Гордость страны» жобасының 8 томдығын шығарды. Арнайы жүлдені тапсырған «Казэнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Қарабалин: «Кенжебек Тұманбайұлы аз-ғана мерзімнің ішінде тарихымызда ал-ғаш рет мұнай саласының әр мамандығына, атап айтқанда бұрғышылардың, мұнайшы-геологтардың, мұнай өндірушілердің, мұнай өндіруші компаниялардың дербес энциклопедиясын шығарды. Ол сонымен қатар, белгілі мұнайшылардың ғұмырынан сыр шертетін деректі кітаптардың да авторы», – деп жүлдегердің еңбегін жоғары бағалады. Біз өз тарапымыздан белгілі журналист-баспагер, жерлесіміз Кенжебек Тұманбайұлына жаңа шығармашылық белестер тілейміз.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521