Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлеуметтің қуаты әлсізді қамқорлаудан тұрады

Өткен аптаның бейсенбісі күні «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларын түсіндіру, Астананың 20 жылдық мерейтойы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жобасын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан «Бірыңғай партия күні» шарасы ауданымызда да өтті.

«Арман» мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Баженов, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев, облыстық мәслихаттың депутаты Сайын Қуанышев, Атырау мұнай және газ университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Нығметов, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, бөлім басшылары қатысты.

Актив жиынына төрағалық еткен аудан әкімі Арман Баженов алдымен жиынға қатысушыларға күн тәртібін таныстырып өтті. Бұдан кейін сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев: – Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен партияның құрылымынан бастап барлық істерінде де жаңғырту мәселесі алға қойылып отыр. Яғни, партияның кадрлық жағдайын толықтай жаңғырту үшін кәсіби кадрлық резервті қалыптастырып, кадрлық менеджментті жетілдіру керек. Ал, партияның өсіп-өркендеуі үшін жаңа бағытта жұмыс жасайтын, әлемдік деңгейде ойлай алатын адамдарды дайындау қажет, – деді.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Сайын Қуанышев Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі бойынша облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайлы құлағдар етсе, Атырау мұнай және газ университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Нығметов Елорданың 20 жылдығына орай Астананың құрылуы, көркеюі, дамуы туралы баяндады. «Партияның жаңа жобалары» туралы хабарлама жасаған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Данагүл Жайлаубаеваның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары халықтың партияға сенімін арттыруды және оның электоралдық әлеуетін нығайтуды, еліміздің стратегиялық бағдар-ламалық құжаттарын іске асыруға жүйелі қатысуды, әкімшілік, саяси және сайланатын лауазымдарға ілгерілету үшін кәсіби кадрлық резерв құруды, партияны жаңғырту және оның қызметінде қазіргі заманғы технологияларды қолдануды мақсат етіп отыр. Осы орайда, қолға алынған 22 бастамашыл жобалардың 10-ы стратегиялық жоба азаматтарды ауқымды қамтуға, алты жоба партияны қолдаушылар желісін кеңейтуді, алтауы партияның қызметін трансформациялауға бағытталған. Елімізде жүзеге асырылып отырған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы үш цифрландыру жөнінде, төрт шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде, үш «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі бастамашыл жобаларды қолға алып отыр.

Сонымен бірге жиында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов бес әлеуметтік бастама және партиялық жобалар аясында аудандық партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарын қатысушылардың назарына ұсынды. Оның мәлімдеуінше, бірінші бастама бойынша өткен жылы 13 мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жаңа пәтер берілсе, биылғы жылы баспаналары апаттық жағдайдағы жеті тұрғынды және туберкулез ауруымен ауыратын алты адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, кезекте тұрған 11 әлеуметтік әлсіз топтар өкілдері мен жетім балаларды баспанамен қамту үшін облыстық әкімдікке сұраныс берілді. Екінші бастама, яғни, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бағытындағы жұмыстар 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады. «Шағын несие беруді көбейту» бойынша өткен жылы ауданда «Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен дамыту» бағдарламалары және өзге де қаржы институттары арқылы 176 жобаға 658 миллион 600 мың теңгенің несие қаражаты бөлініп, аудан бойынша 23 кәсіпкерлік нысандары іске қосылып, 38 жаңа жұмыс орны ашылды. Елбасы ұсынған бесінші бағыт бойынша аудандағы газ желісі тартылмаған алты елдімекенді газдандыру үшін оның құрылысына жоба-лаусметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде.

Шара соңында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев Астананың 20 жылдық мерейтойына және «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға косқан үлесі үшін партия мүшелері Мәлік Сүлейменов, Өтеуғали Дүйсәлі, Бағытжамал Жұмабаева, Ғайса Қанаттарға облыстық партия филиалының Алғыс хатын табыс етті. Актив жиынынан кейін облыстық мәслихаттың депутаты Сайын Қуанышев «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.

Бауыржан Бердіғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521