060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Латынша диктант жаза аласыз ба?

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен республика бойынша жалпыхалықтық диктант өтті.

Мұндағы мақсат – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, бейімделу.

«Рухани жаңғыру» тақырыбында ұйымдастырылған диктантқа аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара алдында қатысушыларға латын негізді қазақ әліпбиі таныстырылып, арнайы жазу парақтары таратылды. Диктант мәтіні аудиоқұрылғы арқылы үш мәрте оқылды. Бірінші оқылуында қатысушылар мәтінмен танысып, екіншісінде диктант жазып, үшінші оқығанда қатесін тексерді. Диктант қорытындысын шығару үшін орта мектеп мұғалімдерінен арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бекітілген бағалау өлшемшарттары бойынша диктанттарды тексеріп, бағалайды.

Жергілікті уақытпен сағат 10.00-де басталған жалпыхалықтық диктантқа аудан бойынша төрт мың адам қатысты.

– Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Соны түсінген аудан тұрғындары жалпыхалықтық диктант жазуға белсенділікпен қатысты. Әсіресе, білім беру ұйымдары, оқушылар, мекеме қызметкерлері ұйымшылдық танытты, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гаухар Құрманғазиева.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?