060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Кәсіпкерлер аналарды қуантты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және аудандық іскер әйелдер кеңсесінің ұйымдастыруымен «Көктем шуақтары» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Мақсат – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиесімен айналысып отырған аналарды мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Шараны аудан әкімі Арман Баженов құттықтау тілекпен ашты. Содан соң аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Алтынзер Баймұратова қайырымдылық шарасының өтуіне атсалысқан кәсіпкер әйелдерге алғыс хат тапсырды. Ал, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бибігүл Жұбаева акцияны ұйымдастырушы кәсіпкерлердің дайындаған азық-түлік себеті мен тәтті торттарды аналарға ұсынды. Сондай-ақ, Ләйла Тайшыбай бес анаға диогностикалық тексеруден өту үшін, Құралай Төлеуішова бес анаға бес рет «Фариза» моншасына және Гүлдана Медеуова «Жігер» сән салонына бес анаға бес реттік тегін кіру сертификаттарын табыс етті.

Бұл туралы толығырақ аудандық «Қызылқоға» газетінен оқи аласыздар

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?