060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Күміскүл – «Үздік тәрбиеші»

Жақында «SKILLS AKADEMY» мекемесі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілді білім сайты» сыйлығының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі тіркеген Martebe.kz ақпараттық білім порталымен біріге отырып, республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында өтетін «Үздік балабақша тәрбиешісі» ІІІ республикалық мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің байқауын жариялаған болатын.

Ондағы мақсат – тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттырып, бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау, балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілетін дамыту.

Аталмыш байқауда Сағыз ауылдық округіндегі «Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының І санатты тәрбиешісі Күміскүл Жұбатова өз бағын сынау үшін материалдарын жолдаған еді. Нәтижесінде, Күміскүл Жұбатова ІІІ орынды иеленіп, «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен мадақталды. Сонымен қатар, байқауға тәрбиешіні қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін Martebe.kz ақпараттық білім порталының редакторы «Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының басшысы Сақыпжамал Ахметова мен әдіскер А.Қалдымұратова да алғыс хатпен марапатталды.

Шолпан ЫҚСАНОВА,

«Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының медбикесі.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?