060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Еңбек елеусіз қалмады

Таяуда аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында құрылысшылар күніне орай мерекелік жиын болып өтті.

Оған бөлім, мекеме басшылары, құрылыс саласының ардагерлері мен аудандық құрылыс бөлімінің мамандары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев барша құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ардагер құрылысшылар Ханзада Рысқұлова, Жібек Хаматова, Дәкен Мүсірепова, Мүрсін Әлмұқашовтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Ал, қалған құрылысшыларға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Жасалған құрмет пен сыйлыққа алғыстарын білдірген ардагер құрылысшылар кейінгі жас буынға ізгі тілектерін арнады. Содан кейін, жиынға қатысушы бөлім, мекеме басшылары да сөз алып, құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?