060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Бабалар дәстүрі қайта жаңғырды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалалық мақаласында ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін қайта жаңғырту туралы баса айтылған болатын.

Соған сай, өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бесік жыры – ұлтымның ұлық жыры» атты аудандық байқау болып өтті. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен байқауға Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округтерінен үміткерлер қатысып, бақ сынады. Сайыс таныстыру, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс және бесік жырын айту сынды үш бөлімнен тұрды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені «Арман» мәдениет үйінің қызметкері Айжан Шағанова жеңіп алса, бірінші орынды Ойыл ауылдық округінен қатысқан Ш.Еркінов атындағы орта мектептің ұстазы Құралай Құмарова иеленді.

Жүлделі екінші орынға «Балдырған» және «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері Әсем Бисенова мен Альбина Оржанова қол жеткізсе, сағыздық Сағыныш Шамұратова мен тасшағылдық Эльвира Нұрғалиева үшінші орынға лайық деп танылды. Ынталандыру сыйлықтары жангелдиндік Мәриям Жұмашева мен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Рыскүл Жұмановаға берілді. Барлық қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?