060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы аудандағы барлық балабақша, мектептерде өз мәнінде тойланып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Солардың бірі – «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасындағы кіші топ бүлдіршіндері ұйымдастырған «Армысың, әз Наурызым» тақырыбындағы ертеңгілігі.

Қазақы нақышта безендірілген залға ата-ана, тәрбиеші апайлар мен кіші топ бүлдіршіндері жиналды. Оюлы жакет, үкілі бас киім, қос етекті қазақы көйлек киген кішкентай бүлдіршіндер шараға көрік беріп отырғандай. Барлығы да әдемі.

Шарада алдымен Ұмай ана мен Қыдыр ата келіп, бөбектерге батасын берді. Содан соң балабақша бүлдіршіні Наурызгүлдің тұсауы кесіліп, алғашқы қадамын жасады. Бұдан басқа, ата-аналардың қатысуымен бесікке салудан көрініс қойылып, қазақы дастарқан жайылды. Ал, кішкене бүлдіршіндер «Бәйге», «Шашу», «Қуаныш» билерін әсем әуезді ырғақта билеп, әннен шашу шашты.

Осылайша, балабақшадағы Наурыз тойы ұйымшылдықпен өтіп, бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге дастарқаннан дәм татып тарқасты.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?