060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Азия кубогынан қола жүлде

Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Құрметті президенті Бекет Махмутовтың құрметіне арналған дзюдодан жастар арасында Азия кубогы болып өтті.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сай өткен дүбірлі додаға Азия құрлығының маңдайалды дзюдошылары түгелге жуық қатысты. Аталмыш додада 100 келіден жоғары салмақта бақ сынаған жерлесіміз Жанұзақ Ермағанбет алғашқы белдесуінде сыралғы қарсыласы Бейбарыс Әбдіғаниға есе жіберіп, қарсыласы ақтық сынға шығуына байланысты қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Жанұзақ қалған үш белдесуін түгел ұтып, дүбірлі доданың қола жүлдегері атанды.

Дулат МӘТЖАН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?