Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарттарға құрмет көрсетті

Дүйсенбі күні аудан әкімі Арман Баженов «Арман» мәдениет үйінде қазыналы қарттармен кездесті.

– Бүгінгі күн саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі-өнеге. Қазақ даналығында «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген әдемі сөз бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда, – деген аудан басшысы кезекті ашық әңгімеге берді.

Осынау ерекше ілтипатқа ризашылығын білдіріп сөз алған сағыздық еңбек ардагері Байғали Досымбаев: «Ауданда ел дамуына өз үлестерін қосып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған азаматтарымыз баршылық. Бірақ олар кең көлемде насихатталып, жас ұрпаққа үлгі етілмейді. Кей кездерде жастарымыз ауданның құрметті азаматтарын танымай жатады. Сондықтан олардың есімдері фотосуреттерімен көшеге ілініп тұрса нұр үстіне нұр болар еді» деген пікірін білдірсе, тайсойғандық Жолдығали Маженов Тайсойған ауылына ерекше көңіл бөлінсе игі» деген тілегін жеткізді.

Шара барысында, білім беру саласына қосқан үлесі үшін бір топ ардагер ұстаз «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталса, ауданның экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ еңбек ардагеріне аудан әкімінің алғыс хаты, 70, 80 жас мерейтой иелеріне құттықтау хат табыс етілді. Салтанатты шарадан соң қазыналы қарттарымыз бен ақжаулықта аналарымыз «Арай» кафесінде жайылған мерекелік дастарқанда бас қосып, ақжарма тілектерін ақтарып, ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдірді.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521