060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Вахталық әдіспен мал баққан тиімді ме?

Көктем – барша тіршіліктің оянып, табиғатқа жан бітетін уақыт. Оған дәлел қазірдің өзінде қыс бойы қорада тұрған малдың алды жайылысқа шығып, аузы көкке тие бастауы.

Бұл тіршілігін малмен байланыстырып отырған аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Алайда, көктем келіп мал дала шығысымен көптеген мәселелер де алдымыздан шығады. Соның бірі – мал бағу. Қазір бұрынғыдай қыс қыстауда, жаз жайлауда көшіп жүре беретін заман емес. Сондықтан, аудан тұрғындары бойдақ малдарын қырдағы қожалықтарға ақысына бақтырса, сауын сиырды өз бетімен жіберіп, қойды кезекпен бағады. Бірақ, мұнымен барлық мәселе шешілмейді. Соңғы кездері ел ішінде «Ауылда қалған мал ауылды ластайды, ауруды одан сайын қоздырады» деген әңгімелер көбейді. Енді қайтпек керек? Мүмкін, малды жыраққа апарып, вахталық әдіспен бақсақ қайтеді, бұл қаншалықты тиімді? Міне, осы сұрақты малдың жайын білетін жандар мен аудан тұрғындарына қойып көрген едік.

Толығырақ «Қызылқоға» газетінің кезекті санына оқи аласыздар

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?