Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кіші аяқдоптан жарыс өтті

Жақында Миялы спорт кешенінде жастар жылын қорытындылау мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында кіші аяқ доптан аудандық турнир өтті.

Оған аудан бойынша алты команда қатысып, бақтарын сынады. Финалдық ойында тартысты ойын өрнегін көрсеткен «Миялы-1» мен «Миялы-2» командалары І орынға таласты. Ойын нәтижесінде «Миялы-1» командасы І орынды жеңіп алса, «Миялы-2» командасы ІІ орынды, «Көздіғара» көмандасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ал, ойында көзге түскен Төлеген Қамиев «Үздік қақпашы», Шыңғыс Серікұлы «Үздік ойыншы» атағымен марапатталды. Барлық командаларға естелік сыйлық, медальдар мен кубок табыс етілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521