Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлттық идеологияны қалыптастырудың негізгі тетігі айтылды

Ұлттық құрылтайдың ІІІ мәжілісінде сөз алған академик Оразалы Сәбден негізгі екі мәселеге тоқталды.

Ұлттық идеологияны қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде әуелі хакім Абайдың «Толық адам» ілімін тереңдете түсуді ұсынды.

– Ол қоғамда адамды ізгілендіруді көздейді. Сананы өзгертіп, дәуір үніне сай жаңарту керек. Сондықтан зиялылардың қатысуымен «Толық адам» ілімін күнделікті өмірге енгізудің жол картасын жасау қажет. Бұған дейінгі еңбектерді де пайдалана отырып, әр саланың қызметіне енгізген жөн, – деді академик О.Сәбден.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай мәжілісіне Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521