Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тегін білім беру гранттары көбейді

Бүгін, яғни 5 желтоқсан күні Атырауда өткен жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында Жастар жылы аясында аймақта атқарылған іс-шаралар баяндалды.

Кеңес отырысына Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, жас депутаттар, кеңес мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, жастар істері жөніндегі комитет жетекшілері мен жастар ресурстық орталықтары басшылары қатысты.

- Жастар жылына орай жасалған көмектердің бірі – тегін білім беру гранттарының көп бөлінуі. Биыл елімізде мектеп бітірген әрбір екінші түлек жоғары оқу орнына грантпен оқуға түсті. Бұл орайда, 232 атыраулық түлек облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың білім беру грантына ие болды. Жастарды баспанамен қамту жұмыстары да өз кезегімен жүріп жатыр. Барлық атқарылып жатырған жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатын болады, - деді Серік Шапкенов.

stem2

Атырау облысы бойынша бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығында жастар санатына кіретін 145 мыңнан астам тұрғын бар. Ағымдағы жылы өңір жастарының мәселелеріне байланысты барлық мәліметтер терең зерделеніп, облыс жастарының дамуына және дамытуға жағдай жасау мақсатында Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. 41 индикатор мен 67 іс-шараны қамтитын Жол картасы әр санаттағы жастардың көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған.

Отырыс барысында Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан аталған бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар мен басқа да атқарылған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі таңда облыс мектептерінде STEM форматындағы (ғылыми, техникалық, инженерлік, математикалық зертхана) 20 зертхана кабинетін ашу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, облыс мектептері жанынан 57 робототехника кабинеті ашылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Generation Unlimited» атты жаҺандық бастамасы аясында жастардың оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдылар мен машықтарды меңгеруіне бағытталған «Самғау» жобасы жүзеге асырылды. Биыл облыстың 6 ауданында "Жастар ресурстық орталығы" арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді, - деді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521