Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Партия ұйымдары белсенділік танытуда

Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға орай «Nur Otan» партиясы #bizbirgemiz акциясын жариялап, осы арқылы барша тұрғындарды жақсылық жасауға шақырды.

Аталмыш акциядан «Nur Otan» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы да қалыс қалмай «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында өз игі істерін бастап кетті.

Атап айтқанда, «Мұражай», бастауыш партия ұйымы мен «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлары Миялы ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен ардагерлерге азық-түліктер таратса, «Алтын кілт» бастауыш партия ұйымының белсенділері Мұқыр ауылындағы 11 отбасыға азық-түліктен бөлек гигиеналық құралдар табыс етті. Бұл акция барлық ауылдық округте жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521