Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР ТАСАДА ҚАЛМАДЫ

Президент Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мемлекетіміздің негізгі басымдықтары болып қала беретіні айтылды.

Жалпы алғанда жыл сайын бұл салаларға қолдау күшейіп келеді. Бұл орайда, ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Президенттің «Дипломмен ауылға» жобасын кеңейту тапсырмасы аудан жастары үшін мол мүмкіндік. Тек соңғы 3 жылда 30 маманға бюджеттік несие, 77 маманға көтерме жәрдемақы берілді. Ауданның сұранысына сай, келген мамандарға жеткілікті көлемде облыс бюджетінен қаржы төленіп отыр. Президент өз Жолдауында Мәдениет қызметкерлерін қолдау қажеттігі жөнінде айрықша атап өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандағы кітапханаларды, музейлердің қызметіне жаңа цифрлық заманауи мүмкіндіктерді кең қолдану және тарту жұмыстарын енгізіп, дамыту қажет. Сол мақсатта елімізде жүйелі жұмыстар жасалмақшы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы мәдениет саласында орын алып отырған олқылықтарды шешу жолдарын айқындап, Үкіметке болашақта іске асырылатын бірқатар тапсырмалар берді. «Келесі жылдан бастап Үкі¬мет мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салала¬рындағы міндетті әлеуметтік же¬ңілдіктер мәдениет саласының өкіл¬деріне де берілуі керек», - деді. Бұл дегеніміз – ұстаздар мен дәрігерлер қауымына жасалған жағдай алдағы уақытта міндетті түрде мәдениет қыз¬мет¬керлеріне де жасалады деген сөз. Жолдауда бұдан бөлек өзге де мәселелерге көңіл бөлінген. Атап айтар болсақ, ел Президенті қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтетінімізді қадап айт¬ты. Мерейтой барысында ысы¬рап-шылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуді тапсырды.

Айымгүл ҚОСЫБАЕВА

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521