banerkzbig

Мәңгілік ел – туған өлкем!

Ата-бабамның, әкемнің, бауырларымның кіндік қаны тамған, туған жеріме оралдым.

Туған өлкеме табаным тірелді. «Ат айналып, қазығын табар» дегендей мен де тұлпардай шауып, қазығымды таптым... Сағынышым әлі күнге басылар емес. Қашанда жаны жайсаң жандардың мейірімін аңсайтынмын, жасыл жайлауға кетуді қалайтынмын. Міне, балалық ізім сайрап жатқан ауыл жолдарын тас жол жауыпты-ау! Жаңғыру деп осыны айт!

Туған өлке қашанда ыстық! Қаншама жерлерді аралап биік шыңдарды бағындырсам да, жарыстан жарысқа барып сағым қусам да ауылыма, туған өлкеме ешқандай жер жетпейді екен. Соны ұқтым... Тасшағыл... Ешкімге зияны жоқ, көп артық қиялы жоқ жандардың мекені. Төрт жылдан соң қайта келіп, табан тірегенімде құшағыңды ашқаныңа, бауырыңа басқаныңа мың алғыс, туған өлкем! «Рухани жаңғыру» жай ғана айтуы емес, алаштың биік асуларға салған жолы болғай. Туған өлкемнің абыройын асқақтатсам деп армандаймын.

«Қыр баласы тауға қарап өспейді, қыр баласы қол созады аспанға...».

Айбат ТЕМІРЖАН,

Тасшағыл орта мектебі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig