Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫНДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.

Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі» деген болатын.

Шындығында, осынау еріктілер жылында ауқымды істер қолға алынып, туған жердің тұғырын биік ұстайтын азаматтар күш біріктірсе қандай жарасымды?! Осыған орай, ел азаматтарының аудан орталығынан халық батыры Құныскерей Қожахметов бастаған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған саябақ салу ісін қолға алуы құптарлық іс. Саябақтың салынуы Миялы ауылының көркейе түсуіне бірден-бір сән қосып, халықтың рухани демалыс орнына айналатындығына сенімім мол. Сондай-ақ, елдің абыройын ойлайтын азаматтар үшін осынау игі қадам еріктілер жылындағы айшықты қолтаңбасы болып қалатыны сөзсіз. Әрине, бұл бір адамның қолынан келетін іс емес. Соған сай, ерікті түрде әрбір азамат қолдан келер көмектерін созып, ықылас-пейілдерін көрсетсе, ауданның ажарлануына, тағылымы мол тарихтың жас ұрпақтың бойына сіңірілуіне зор үлес қосқан болар еді. Өзім де осынау ел азаматтарының игі бастамасына қолдау білдіріп, жан-жақты көмек қолымды созуға әзірмін.

Бүгінде осынау игі бастаманы қолдау барысында, көптеген азаматтар қаржылай және тағы да басқа көмек қолдарын созып, белсенділік танытуда. Осы ретте, аталмыш игі шараға атсалысамын деген азаматтар болса, Миялы ауылы, «Керуен» сауда орталығына, екінші қабаты, 22 кабинетке хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 701 659 77 77. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, еріктілер жылында ел азаматтарын қайырымдылық жасауға шақырамын! Октябрь НҰРАДИНОВ, жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521